Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Молодежный кенті тұрғыны азаматша К.-ға қатысты қарыз шарты (қолдаухат) бойынша борышты өндіріп алу туралы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Сот талапкер мен жауапкердің арасында ақшалай сомасын қарызға беру шарты жасалғанын анықтады. Қолдаухатқа сәйкес жауапкер 3 айдың ішінде 100 000 теңге көлеміндегі борышты қайтаруға міндеттенген. Алайда көрсетілген уақытта борыш қайтарылмаған.

ҚР АПК-нің 145 бабы 1 тармағы бойынша осы талап арызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралды. Сотпен белгіленген мерзімде жауапкерден талап арызға қарсылық түспеген. Осыған байланысты сот талапкердің талаптарын толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі