Опасыздық салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Ц.-ға қатысты үкім шығарылды.
2016 жылдың қаңтар айында сотталушы Ц. мен жәбірленуші Д. араларында жеке басының қарым – қатынастарына байланысты туындаған мәселеден ұрыс жанжал туындайды. Жәбірленуші басқа еркекпен оның көзіне шөп салғанын айтады. Нәтижесінде Ц. ас үй пышағымен жәбірленушіге арқасынан соққы берген. Алған жарақаттан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
Айыпталушы соттың үкімімен Қазақстан Республикасы ҚҚ–нің 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі