Осакаров аудандық соты ерлі-зайыптыларды медиация тәртібімен татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Осакаров аудандық сотында талапкер А. жауапкер А. – ға қатысты неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар сот медиациясы көмегі арқылы келісімге келген. Тараптар татуласып, өз отбастарын сақтап қалды.

Сот ұйғарымымен дауды сот медиациясы арқылы реттеу келісім бекітілді. Мұндай жағдайда егер, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келсе және сотпен бекітілсе сот, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277 бабының 6 бөлігінің талаптарына сәйкес, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар