Осакаров аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Осакаров аудандық сотының төрағасы Е.Оспанов әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мәселелерін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинарға ішкі істер бөлімі және прокуратура  өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабына сәйкес істерді қарау барысында, осы санаттағы әрбір іс бойынша нақты мән-жайлар мен заңнама талаптарын мұқият зерделеу талап етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасын, әкімшілік істерді сотқа жолдау тәртібін және құқық бұзушылардан түскен өтінішхаттардың қаралуы жөнінде мәселелерін талқылады. 

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі