Осакаров ауданының ІІБ-нің ғимаратында “Ашық есік күні“ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Осакаров ауданының ІІБ-нің ғимаратында медиация институтын дамыту меморандумын жүзеге асыру шеңбері аясында “Қазақстандағы медиация” тақырыбында “Ашық есік күні” өткізілді.

Сот төрағасының м.а. Н.Ж.Баянбеков өз сөзінде мемлекетіміздің бітімгершілік рәсімдері институтына аса мән беріп отырғанына ерекше тоқталды, сонымен бірге Мемлекет Басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 22- сессиясында медиацияны дамытудың міндеттерінің бірі- қоғамдағы дау-дамайларды болдырмау құралы ретінде қарастырғанын атап өтті.

Талқылауға ІІБ-нің қызметкерлері, Осакаров ауданының кәсіби емес медиаторлары және т.б. қатысты.

Шара соңында қатысушылар медиация институтын әрі қарай дамыту және пилоттық жоба туралы ой-пікірлерімен алмасты.

 

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар