«Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» тақырыбына қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс- шараға сот төрағасы Л.Сагимбекова мен кеңсе меңгерушісі Д.Бапаева, жергілікті полиция қызметкерлерінің басшысы Н.Кәрім, кәмелетке толмағандар бойынша бөлімінің басшысы А.Сыздықов қатысты.

Дөңгелек үстелде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде заңдылықты сақтау қажеттілігі, азаматтардың құқық бұзушылықтарды жасауының алдын алу жөнінде айтылды. Сонымен қатар, аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі рәсімдеген уақытта жәбірленуші мен құқық бұзушыға медиатордың қатысумен татуласуды қолдануға болатынын атап өтті.

Қорытындысында, қатысушыларға ұсыныстар ұсынылып, өзекті мәселелер талқыланды.

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты