Өз еркімен әкелігін мойындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шахтинск қалалық сотына азамат Р.-дің әкелігін анықтау және алимент өндіру туралы талап арызымен азаматша Д. жүгінді.
Алдын ала сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келді. Оның шарты бойынша, жауапкер кәмелетке толмаған балаға өз еркімен алимент мөлшерін төлеуді міндеттенеді, сондай-ақ уәкілетті органға әкелікті мойындау туралы арыз беруге міндеттенеді. Ал талапкер, өз кезегінде, ұсынылған талаптарынан бас тартады.
Сот медиация тәртібімен келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады, іс өндірістен қысқартылады.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі