Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында дөңгелек үстел откізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында істі қарау барысында медиацияны қолдану  сұрақтарын және азаматтық сот өндірісінде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу туралы Ережені талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шара банк өкілдерінің, коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Дөңгелеке үстелге қатысуышылар банктердің, қаладағы коммуналдық қызметтердің сотпен медиацияны қолдану бойынша келешекте өзара ынтымақтастық жұмыс жасау сұрақтарын талқылады. Сот төрағасы А.С.Ибраев Ереженің қолданылуын, мақсаттары мен міндеттерін атап өтті.

А.С.Ибраев мекеме өкілдерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап беріп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Өткізілген дөңгелек үстел барысында қатысушылар азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау мақсатында медиация институтын дамытуға пікірлерімен тілектерін жеткізді.

Қайнар: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі