Прокурормен сотталушы арасында процесстік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласынының Октябрь ауданының №3 аудандық сотында Ш. және А. қатысты кінәні мойындау туралы келісім түріндегі қылмыстық ісі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қаралды.
Іс материалдарына сәйкес сотталушылар Ш. және А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. 31 қазан 2015 жылы сағат 04-30 шамасында Ш. және А «Мохито» түнгі клубының би аланында болған. А. және Д. арасында жанжал туындап, сол жанжалдың барысында А.  бұзақылық ниетпен Д.  бетінен бірнеше соққы жасаған. Одан әрі Ш. мен А. бірге қолдарымен және аяқтарымен Д. басына және денесіне көптеген соққы жасаған.
Одан әрі А. және Ш. өздерінің қылмыстық ниеттерін ойластыра отырып жәбірленуші Д. өздерінің травматикалық қаруларынан оқ атқан.
Сот үкімімен Ш. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармағына сәйкес 5 жылғы мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Сот үкімімен А Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармағына сәйкес 3 жылғы мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

 

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 Аудандық сотының №3 Баспасөз қызметі