Рақымшылық қолдануға байланысты соталған жаза өтуінен босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен Осакаров аудандық № 2 пробация қызметінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма бес жылдығына байланысты орташа ауырлығы қылмыстар жасау үшін соталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы ұсыныс қаралды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабы негізінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес кішігірім, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған тұлғалар қылмыстық жазадан босатылды.    

С.азаматы жаза өтуінен босатылды. Сонымен қатар, сот актісін шығарылғанда, ҚР ратификацияланған халықаралық шарттың нормалары қолданылды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі