Ресей Федерациясының азаматшасы елдің шегінен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «Қарағанды облысының ІІД» ММ-нің шетелдікті Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотпен шетелдік М. бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы жайлы анықталды.
Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны туралы заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес, көшіп келушілер Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
Сот талқылауында шетелдік М. Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы арызымен келісетінін айтып, ол туралы жазбаша өтініш берді. Онымен қоса, Қазақстанға 2009 жылы өзінің әжесі мен анасын бағуға келгендігін баяндады. Алайда, 2014 жылы әжесі мен анасы қайтыс болған. Қазіргі таңда еш жерде жұмыс істемейтінін айтты.
Сот шешімімен «Қарағанды облысының ІІД» ММ-нің шетелдікті Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу туралы арызы қанағаттандырылып, сот шешімі шыққан күнен бастап 20 күн ішінде Ресей Федерациясының азаматшасы М. Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылсын деп шешілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі