Салық бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотымен бұйрық шығару тәртібімен Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының арызы бойынша Т. жауапкерге салық бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 1б.б. 1 б. 14 б. тармақшасына сәйкес салық төлеуші салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті. Жауапкер салық бойынша қарыздарды төлеу туралы хабарламамен ескертілген.

Арызға сәйкес жауапкердің қарызы  мүлік салығы бойынша 6 589 теңге көлемінде, сонымен қатар жер салығы бойынша 93 теңге көлемінде бар.

Сот іс материалдарын зерттеп, қарызды өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар