Сатушы жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігі бойынша (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн өткiзу сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн)  азаматша Е.  кінәлі деп танылды.
Азаматша Е. 23 сағаттан кейін бір шөлмек сыра өткізген,  алкоголь өнiмiн бөлшек сауда тәртібін бұзу туралы хаттамасы жазылды.
Сот мәжілісі барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады, істеген іс-қылығына өкінді, хаттамада көрсетілген фактісін растап, түнгі уақытта алкоголь өнімін сауда-сатуға тыйым салынғанын білгенін мәлімдеді.
Сот қаулысымен  14 847 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарылды.
 Қаулы занды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты