Сауда- саттықтың жарамсыздығы салдарының қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотында «Сауда- саттықтың жарамсыздығы салдарының қолданылуы» бойынша ұсынымдар бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға  Б.С. Сергалиевтің төрағалық етуімен судьялар, прокурор О. Мұхтар, мемлекеттік сот орындаушы Г.Т. Омаров, жеке сот орындаушы М.Б. Мейзбеков қатысты.

Дөңгелек үстелде осы тақырып төңірегінде қатысушылардың сөз сөйлеулері тыңдалып, талқыға салынды. Сот орындаушымен жіберілген кемшіліктердің салдарынан сауда-саттық қорытындысының негізсіз деп танылуы, сондай-ақ сауда- саттық ұйымдастырушысына төленген шығыстар кімнен өтелуі қажет деген мәселелер талқыға түсті. 

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі