Шағымдардың соттар қаралу тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 30-қаңтарына Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында «ҚР ҚІЖК-нің 109-бабы бойынша материалдарды қарау тәжірибесі» тақырыбында облыстық сот төрағасы Е. Серекбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара модераторы – қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. Н. Батаева, сомодератор – облыстық сот төрағасы Ж. Жақыпов. Сонымен бірге, семинар жұмысына Саран қалалық сотының төрағасы Б. Имашев, Қазыбек би, Теміртау, Шахтинск соттарының судьялары, Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын бақылау Басқармасының өкілдері Д. Бөпежанов, А. Смағұлов, Қарағанды облысы бойынша СЭҚКД-нің өкілі С. Жаманқараев, Қарағанды облысы ІІД-нің өкілі К. Сыздықов қатысты.

«Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдері мен әрекетіне (әрекетсіздігіне) түсірілген шағымдарды соттарда қарау тәртібі» тақырыбында Қазыбек би аудандық сотының судьясы А. Жошева баяндама оқыды. Шағымдану құқығына қылмыстық процесске қатысушылардың барлығы, сонымен қатар, құқықтары мен заңдық мүдделеріне нұқсан келген тұлғалар ие болады. ҚР ҚІЖК-нің 109-бабының талабына сай, әр бір азамат тергеушінің, анықтауыштың, прокурордың әрекеті мен әрекетсіздігіне шағым түсіріп сотқа жүгіне алады. 

Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі кезеңінің заңдылығын бақылау Басқармасының басшысы Д. Бөпежанов сотқа деген сенім артып келе жатқанын азаматтардың прокуратураны аттап өтіп бірден сотқа шағымданатынынан білуге болады. Құқықтық дау-дамайды шешуге бағытталған сот төрелігін асыра отырып, сот құқықтық тәртіп пен заңдылықтың, адамзаттың құқығы, бостандығы мен заңдық мүдделерінің сақталуының негізгі кепілі болып табылады. Шағымдарды сотта қарау тәжірибесінің арқасында тергеу және анықтау органдары тарапынан заңбұзушылыққа, жалғандыққа, жаңсақтыққа жол берілмейді.

Отырыстың соңында қатысушылар аталмыш тақырыпты қорытындылау мақсатында пікір алмасып, өздерінің талап-тілектерін айтты. Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. Н. Батаева барлығына туындаған сұрақтарды тыңғылықты өңдеп, болашақта жұмыс барысында қолданылатын жалпы ұсыныстарын жіберуге тапсырды.



Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы