Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1-тоқсанды қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2014 жылдың 11-сәуірінде Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ш. Жолкенов жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының және сот судьясы мен кеңсе меңгерушісінің қатысуылармен Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша 2013 жылдың 1 тоқсанымен салыстыра отырып баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатында 2014 жылдың есептік кезеңінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы қорытындысы талқыланды. Жалпы ағымдағы жылдың 3 айында 614 әкімшілік материал түсті, ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 536 материал түскен, яғни 78 материалға артқан.  
Әңгімелесу барысында қатысушылар есептік кезеңде атқарылған жұмыстар туралы бірқатар сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Мәслихаттың соңында сот төрағасы БАҚ-ның өкілдеріне шараға қатысқандары үшін алғыс айтып, бұдан әрі де сот қызметі туралы халыққа жеткізу мақсатында ынтымақтастық жағаса түсетініне сенімін білдірді.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы