Шахтинскте өткен «Ашық есік күні»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 28-наурызында Шахтинск қалалық сотында БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» шарасы өтті. Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды қалалық соттың төрағасы Р. Нұрмағамбетов қабылдады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен «Шахтинский вестник» газетінің тілшісі қатысты.

«Ашық есік күні»  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Сот төрағасының қабылдауына келген азаматтар өздерін мазалап жүрген мұрагерлік туралы, ата тегін беру туралы сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Мұрагерлік жайлы сұрақ бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік беру туралы арызбен нотариуске арызбен жүгіну ұсынылды. Оралмандардың ата тегін беру туралы сұрақтары бойынша Халыққа қызмет көрсету Орталықтарына жүгінуге ұсыныс берілді.  

Қойылған әр бір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптер берілді және жекелеген сұрақтар бойынша заңгерлік кеңестерге жүгінуге кеңес айтылды.

 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы