Шартты түрде мерзімінен бұрын босату сұрақтары талқыға түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар М. Жұмағұлов, Д. Бекішев, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық қылмыстық атқару инспекциясының бастығы А. Шикенованың және ҚАИ инспекторларының қатысуымен «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы материалдарды қарау ерекшеліктері» тақырыбында жоспардан тыс дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысын Октябрь аудандық сотының судьясы Д.Бекішев ашып, қатысушыларды талқылау барысында белсенділік танытуға шақырды. Алқалы отырыс барысында ҚАИ материалдарын  әзірлеу сұрақтары, материалдардың сотта қаралу тәртібі, сонымен қатар сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау мен шартты-мерзімінен бұрын босату бөлігіне қатысты сұрақтар талқыланды. Д. Бекішев сотталғандарды жазадан мерзімімен бұрын босату туралы талап тілегін қанағаттандыру кезінде соттардың бас тартуының негізгі себебі – түзелуі туралы дәлелдемелердің жоқтығы, сотталғанның көркем өнер ұйымдары мен тәрбиелік шараларға қатыспауы, сонымен қатар, қылмыспен келтірілген шығынды өтеу бойынша шара қолданбауы деп атап өтті. Қызу пікірталастың қорытындысында қызығушылық танытқан органдардың арасынан жұмыс тобын құрып, алдағы уақытта нұсқаулықтар өндіріп шығару туралы шешімге келді.

 Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы