Шет аудандық соты кәсіпқой азаматты 90 сағат қоғамдық жұмыстарға тартып және жәбірленушінің есебіне моральдық зиян өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен аз.Ж-ға қатысты ҚР ҚК-нің 108 бабы бойынша «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру туралы»  қозғалған қылмыстық ісі қаралды.

Жәбірленуші - Өзбекістан Республикасының тумасы сотталушы Ж-тың 3 ағайынымен қосылып 2016 жылы  Шет ауданының Үнірек  ауылында бірге картоп егіп өсірген. Сол жиналған дақылдарды олар  сотталушы Ж. сақтауға тапсырған.

2017 жылдың сәуірінде жәбірленуші Р. сотталушы Ж.-ға картоп үлесін алуға келген кезде, сотталушы оны соққыға жығып, осылайша жәбірленушінің денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген.

Сот үкімімен аз.Ж. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру туралы баппен кінәлі деп танылып, оған 90 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылу жазасы тағайындалған. Сондай-ақ сотталушы Ж. есебінен жәбірленуші Р. пайдасына 100 000 теңге сомасында моральдық зиян және сот шығындары мемлекет пайдасына өндірілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық соты баспасөз қызметі