Шет аудандық сотында қорлау туралы жеке айыптау ісі бойынша тараптар медиация тәртібімен келісім шарт жасасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық соты ҚР ҚК-нің 131-бабы 1-бөлігімен аз.З жеке айыптау шағымы бойынша айыпталушы Т. қатысты (басқа тұлғаның қорлау, яғни, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне, қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы жәбірленушінің үйінде болатұра онымен сөзге келіспеушілік салдарынан жанжал шығара отырып, балағаттап, ар-намысына тиетін сөздермен қорлап, яғни  жәбірленушінің абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені анықталды.

Сот тергеуінде тараптар медиатордың қатысуымен медиациялық келісім шарт жасасып, істі қысқартуды сұраған.

Медиациялық келісім шарттың негізінде аз.Т жәбірленушімен татуласуына байланысты сот іс жүргізуі тоқтатылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі