Шет аудандық сотында сот процессінде дыбыс–, бейне құрылғысын пайдалану бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шет аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сот хатшыларымен бірге «Дыбыс-, бейне құрылғысы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
«Дыбыс–, бейне құрылғысын пайдалану» тақырыбында бас маман - сот отырысының хатшысы Г. Жампейісова өз баяндамасында сот процессінің техникалық фиксациясы үшін арналғаны тұралы айтып өтті. Дыбыс-, бейне құрылғысында жазу үшін 8 микрофон және 1 бейнеарна мүмкіндігі қарастырылған. Дыбыс-, бейне құрылғының жұмысы сәтті өтуі үшін жеке алдын-ала компьютердің дайындығын өткізу керектігін атады. Сот процессі аяқталғанда сот отырысы дыбыс–, бейне құрылғысымен қаралады және дыбыс–, бейне құрылғысы сервер жүйесінде облыс сотында репликация мәліметінен кейін сақталады. Сот отырысында төрағалық етуші, сот хатшысы хаттамаға электронды-сандық қолтаңбаңбаларын қояды.
Сот отырысының хаттамасы сот процессінің аяғында автоматты түрде ақпараттық-аналитикалық бірлік жүйесі арқылы жазбаша түрінде дыбыс-, бейне құрылғысын қолдануы арқылы өтеді.
Семинар қатысушылары семинардың аяғында тақырыпқа байланысты басқа сұрақтарды талқылады.

 

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі