Шет ауданық сотында судьялар мен сот мамандардың қатысуымен «Дыбыс-бейнежазбасын қолданылған сот отырыс хаттамасын жасақтау тәртібі» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Дыбыс-бейне жазбасы қолданылған сот отырысы хаттамасын жасақтау тәртібі» «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 20-шы қадам-барлық сот отырыстарына дыбыс-бейнежазба шараларын міндетті түрде енгізуге бағытталған.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. Жагипарова С.К. сот отырыстарына дыбыс-бейнежазба жүйесін енгізу ол барлық азаматтар үшін сот төрелігінің мобильдік, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын қамтамасыз ету жолындағы тағы бір қадам болып табылады.

Шет аудандық сотының сот отырыс залы қазіргі заманғы дыбыс-бейнежазба құралымен жабдықталған. Соттағы істер ДБЖ құралын қолданылу арқылы қаралады.

Сонымен қатар дыбыс-, бейнежазбасының техникалық қолдану тәртібі және материалдық жеткізгіштерге жазылу сапасы талқыланды.

Семинар сабағын қорытындылай келе сот төрағасы Д.Қ.Бурабаев сот отырысының хатшыларына қысқаша хаттамаларды дайындау кезінде, сот отырысынын қысқаша хаттамасын дайындау кезінде дұрыс және біркелкі практикасын қамтамасыз ету үшін Азаматтық процестік кодексінің 282 бабының, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 820-1 бабының, Қылмыстық-процестік кодексінің 347-1 талаптарын сақтау болып табылатынын атап өтіп, барлық талаптарын сақтап, сот отырыстарының дыбыс-бейнежазбаларының сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі