Шетелдік азамат әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада, не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару) бойынша Әзірбайжан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта, И. есімді азамат Қазақстан Республикасының аумағына жеке сапармен келді. 06.01.2017 жыл мен 05.02.2017 жыл аралығында Теміртау қаласының ІІБ-да тіркелген еді.
Белгіленген уақытында Қазақстан Республикасы аумағынан кетпеген.
Сот қаулысымен Әзірбайжан азаматын құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танылып, бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасына тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі