Сот алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотымен талапкер «Облыстық наркологиялық диспансер» ҚММ-нің азамат Д-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Азамат Д. наркологиялық есепте тұрады. Туысқандарының салауатты өмір-салтын ұстан дегеніне құлақ аспай, ішімдік ішуді жалғастыруда.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылып, азамат Д. арнайы мамандандырылған алдын алу сауықтыру мекемесіне 6 айға мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге жіберілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі