Сот ерлі-зайыптылар арасында медиациялық келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талапкер Р. ортақ мүліктің ішінде үлесін бөлу туралы талап арызымен жүгінген.

Сот талқылау барысында тараптар дауды, судьяның катысуымен, медиация тәртібімен реттеуге келісімін берді.

Бітістіру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара келісімге келді. Келісімге сәйкес: пәтер ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі деп танылған  және әр жұбайдың ½ үлесі белгіленген.

Мемлекеттік баж талапкерлерге қайтарылған.

Тараптар арасындағы медиациялық келісім сот ұйғарымымен бекітілген, іс бойынша өндіріс қыскартылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі