Сот ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен аз. И. қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 667 бабының 1бөлігімен (құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) сәйкес әкімшілік іс қаралды.

Аз. И. «Ясная сказка» мейрамханасында полиция органы қызметкерінің қоғамдық жердегі тәртіпті бұзбау туралы занды талабына бағынбады, яғни қоғамдық тәртіпті бұзуды тоқтату және медициналық куәландыруға бару туралы талабынан бас тартқан.

Сот қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға кесілді.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспа- сөз орталығы