«Сот кабинеті» электрондық сервис жөнінде» түсіндіру жұмыстары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігінің қолжетімділігін, ашықтығын және айқындылығын арттыру мақсатында Қарқаралы ауданының №2 аудандық соты «Сот кабинеті» электрондық  сервис бойынша» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бас маман А.Д.Дюсенова «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды және апелляциялық шағымдарды жіберу тәртібімен және «Электрондық сенімхат» қызметімен таныстырды.

Ол өз сөзінде сот жүйесі  қоғаммен өзара байланысудың заманауи және ашық форматтарын еңгізу арқылы дамып келе жатқанын атап өтті. Сот кабинеті – сот органдарының қызметтеріне және онлайн сервиске қол жеткізетін бірыңғай терезесі. Өтініш беруші кез келген уақытта өтініш бере алады, сот құжатын қарайды, соттан хабарлама және шақырту алады, сот актілерін бастыртып шығарып, сот құжаттарының қозғалысы мен олардың мәртебесін бақылап, Интернет арқылы мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде тіркелген пайдаланушылардың сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметі жөнінде түсініктеме берді.

Соңында «Сот кабинеті» бойынша сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды.

 

Қайнар: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі