Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

П. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік соттың қаулысымен айыпты деп танылып, оған айыппұл төлеу жазасы тағайындалған. Алайда, сот актісі бойынша борышын төлемеген.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, оның тұрақты жұмыс орыны болмауына және оның материалдық жағдайына байланысты сот шешімін орындамағандығын түсіндірді.

Сот азамат П.-ны кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 2 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі