Сот медиациялық келісім бекітіп іс бойынша өндірісті қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты талапкер «Элита» ПИК-нің жауапкер К. қатысты берешекті өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Сот талқылау барысында тараптар дауды, судьяның катысуымен, медиация тәртібімен реттеуге келісімін берді.

Бітістіру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өзара келісімге келді. Келісімге сәйкес: жауапкер К. 14 885 теңге мөлшеріндегі бөрышты белгіленген мерзімде өтеуге міндеттенді.

Мемлекеттік баж талапкерге қайтарылған.

Тараптар арасындағы медиациялық келісім сот ұйғарымымен бекітілген, іс бойынша өндіріс қыскартылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Қазыбекбий ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі