Сот меншік құқықығын тану туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Осакаров аудандық сотымен азаматша К.-ның «Осакаров ауданының аппарат әкімі» ММ-не жер учаскесімен бірге пәтерге меншік құқығын тану туралы талап арызы қаралды.
Талапкер сотқа 2001 жылдың наурыз айында азамат А.-дан 50 000 теңгеге жер учаскесімен қоса пәтер сатып алған. Ал, нақты аталған пәтердің иесі азамат Р. 90-шы жылдары Германияға тұрақты тұру үшін қоныс аударас бұрын пәтерді азамат А.-ға құжаттарды тиісті түрде рәсімдемей, сатып кеткен.
50 000 теңгені таныстарынан қарызға алған, ал пәтердің құжаттарын заңдастыруға қаражаты болмаған. Көрсетілген уақытынан бері талапкер тұрмыстық қызметтері мен салықтарын төлеп, пәтермен адал, ашық және ұдайы иеленді.
Жауапкер өкілі талап арызды мойындап, талапкер осы пәтерде тұратынын растады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 240 бабының 1 бөлігіне сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.
Сот іс материалдарын зерттеп, тараптар пікірлерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, талап арызды қанағаттандыруға шешімді шығарды.

 

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі