Сот отырыстарын бейне және таспаға бекітуді жүзеге асыру сұрақтары және сот актілерін орындау бойынша сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот отырыстарында бейне және таспаға бекітуді қолдану және сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жүргізу жұмысына кеңсе меңгерушісі Абишева Г.М., "INTEGRITY-A-A" ЖШС-нің қызметкерлері Кубеева Н., Нуржанов А., және сот мамандары қатысты.
Барлық сот отырыстарын бейне және таспаға бекітуді енгізу мемлекет Басшысының Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамына кіретіндіктен, аталған тақырып бүгінгі күнде өзекті болып келеді.
Сот отырыстарын бейне және таспаға бекіту, жазуды тоқтату және бейне және таспаға бекіту құжаттарын өзгету мүмкіндігінсіз бекітуді міндетті түрде енгізу, заңның үстемдігін қамтамасыз етудің бір қадамы болып табылады.
Қатысушылар аталған тақырыпқа қатысты сұрақтарды талқылады.
Дөңгелек үстелді аяқтау барысында қатысушылар бейне және таспаға бекіту жүйесі және сот актілерін сапалы орындау бойынша айтылған ұсыныстарды ескерді.
Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі