Сот шешімімен еңбек өтілімінің заңдық фактісі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аз. С. Шет ауданының сотына ұйымда жұмыс атқарғаны туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау бойынша арызымен жүгінген.

Зейнеткерлікке өту үшін құжаттарын жинау және зейнетақы мөлшерін толығымен есептеу кезенінде келесі жайлар анықталған, 1992 жылда Жарық сүт зауытында жұмысқа қабылдау туралы жазуы мөрмен бекітілмеген. Осымен қатар, 1999 жылы жұмыстан шығу уақыты көрсетілмеген, сондықтан зейнетақының белгілі бір  мөлшерін толығымен рәсімдеуге құқығы шектеулі болып, кедергі туғызған.

Аз С. Жарық сүт зауытында 8 жыл бойы жүргізуші қызметін атқарғаны туралы заңды фактісі анықталып, арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық соты баспасөз қызметі