Сот шешімімен жалақы төлемі өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында талапкер аз. Б-ның жауапкер «Д» АҚ-на жалақы төлемі және моральдық залалды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотпен жауапкердің бұйрығы негізінде талапкер 150 000 жалақы көлемінде бухгалтер қызметіне жұмысқа алынған. Онымен қоса, талапкер «Д» АҚ-ның бухгалтерлік құжаттарын жүргізу жұмыстарын атқарғаны анықталған.
Жауапкермен жалақы төлемдерін төлемеуіне байланысты, талапкер жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш жазуға мәжбүр болған. Қызметті босатқанда жауапкер талапкерге 90 000 теңге ақшалай соммасын төлеген. Алайда, 2015 жылдың 1 қазан мен 10 желтоқсан аралығындағы жұмысы үшін жалақысы төленбеген.
Онымен қоса, аз. Б соттан 200 000 теңге көлемінде келтірілген моральдық залалды өндіруді сұрады.
Сот талқылауында жауапкердің өкілі талап арызды жартылай мойындап, келесідей баяндады: 2015 жылдың 18-ші қыркүйек пен 10-шы желтоқсан мерзім аралығындағы нақты атқарған жұмысы үшін, талапкерге 160 000 теңге тиесілі. Аз. Б-ға біз 90 000 теңге көлемінде жалақысын төлегендіктен, қазіргі таңда «Д» АҚ-мы талапкерге жалақы 70 000 теңге көлемінде қарыз. Ал, моральдық залалды өндіру туралы талапты мойындамайтынын айтты.
Сот шешімімен талапкер аз. Б-ның жауапкер «Д» АҚ-на жалақы төлемі және моральдық залалды өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылып, аз. Б-ның пайдасына жалақы бойынша қарыз 143 750 теңге өндірілген. Ал, «Д» АҚ-нан талапкердің пайдасына 200 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі