Сот шындыққа сай емес, қадір – қасиетіне және іскерлік беделіне, абыройына нұсан келтіретін, мәліметтерді танудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына, талапкер Б., жауапкер Л.-ға,  абыройына нұқсан келтіретін,  қадір – қасиетіне және іскерлік беделіне, моральдық зиянды өндіріп алу, мәліметтерді теріске шығару туралы  талап қою арызымен жүгінді.

Талап қоюшы өз талап арызында, жеке кәсіпкер екенін және фуршеттік агенттігінің жетекшісі екенін көрсетті.

Жауапкер Л. өз «Instagram» желісінде: «Назар аударындар!!! Жалғаннан сақтаныңыз. Бұл әйел, біздің фирманың атауын көшіріп, өзінің кәсіби емес жұмысын беруге тырысады» деген сөзін жариялаған. Көрсетілген әрекеттер,оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзады және қадір – қасиетіне және іскерлік беделіне, абыройына нұқсан келтіреді. Осыған байланысты, талап қоюшы әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтерді шындыққа келмейтіні, қадір – қасиетіне және іскерлік беделіне, абыройына нұқсан келтірді деп танып және аталған мәліметтерді жауапкер әлеуметтік желі арқылы жоққа шығаруын міндеттеп, одан 100 000 тенге көлемде моральдық зиянды өндіріп алуын сұрады.

Сот, жауапкер тарапынан іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату болмағандықтан, арызданушының талап арызын қанағаттандырудан бас тартты, себебі, сол кезде талап қоюшының іскерлік беделі әлі туындамаған.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі