Сот төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерелерімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Алмаз Ибраев БАҚ өкілдері- «Қарағанды 5 канал», «31 канал» телеарнасының тілшісі Людмила Батюшкинаны , «Қарағанды 5 канал», «31 канал» телеарнасының операторы Ирина Ненашеваны, сонымен қатар «Бірінші Қарағанды» телеарнасының жүргізушісі Гульнур Кокиеваны келе жатқан кәсіби мерекелері «Байланыс және ақпарат мамандары күнімен» құттықтады.

Алмаз Ибраев БАҚ мен сот билігінің арасындағы байланысты орнату маңыздылығына назар аударды және сол арқылы халықтың сот жүйесіне сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. БАҚ өкілдерінің жұмысының келешекте гүлденуіне тілектер білдіре отырып, алғысхаттар табысталды.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі