Сот жүйесінің ашықтығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттарда өткізілетін «Ашық есік күндері» жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Осынау игі шараның аясында ағымдағы жылдың 31-қаңтарында Шахтинск қалалық сотында  «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды сот төрағасы  Р.Нұрмағамабетов қабылдады. Заңдық көмекке мұқтаж жандар көкейкесті сұрақтарымен жүгінді. Оның ішінде сот орындаушылардың әрекетсіздігіне, нәпақалардың уақытылы төленбеуіне, сонымен қатар, жұмыс берушінің орташа айлық жалақының өсуіне байланысты жоғалтқан жалақыны қайта есептеуге әрекетсіздігіне байланысты сұрақтар қозғалды. Көбінесе, азаматтарды сот актісін орындамағаны үшін сот орындаушыларды жауапкершілікке тарту мүмкіншілігі туралы сұрақ қызықтырады екен. 
Қабылдауға келген әрбір азаматтың сұрағына заң жүзінде толыққанды жауаптар берілді. 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы