Сот жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемегені үшін айыппұл өндіру туралы қаулы шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабы 8 бөлігі бойынша (жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу) Шидертинское  кентінің тұрғыны кінәлі деп танылды.                     

Құқықбұзушы алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек сауда құқығымен айналысу  үшін жыл сайынғы лицензиялық алымды  төлемеу түріндегі құқық бұзушылық жасаған.                                                                      

Сот   мәжілісі барысында  құқықбұзушы өз кінәсін  мойындап,   қызметін тоқтатқанын, жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуге қатысты Заңға еңгізілген өзгертулер туралы білмегенін көрсетті.  Құқық бұзушылық  туралы хаттамаға шағым келтірмеген.                 

Сот, құқықбұзушыны және прокурорды тыңдап, іс материалдарын зерттеп,  тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып,  238 245 теңге  көлемінде айыппұл   түріндегі әкімшілік жаза тағайындау туралы   қаулы  шығарды. 

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі