Сотпен айыппұл түріндегі әкімшілік жаза салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сонымен, атқарушылық өндіріс бойынша құқық бұзушыдан кәмелеттік жасқа толмаған балаға алимент өндірілуі міндетті. Борышкер сот актісін орындау сұрақтарымен сот орындаушысымен шақыртылған, алайда ол шақыртуды елемеген.
Азамат М.–ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 665 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сот азамат М.-ға қатысты оны кінәлі деп тану туралы қаулы шығарды және оған 6 363 теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түріндегі жаза салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі