Сотпен бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотында талапкер Я.-ның жауапкер Б.-дан қарыз соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талапкер қолхат бойынша, қарыздың қайтару мерзімін көрсете отырып, жауапкерге қарызға 375 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат берген. Алайда, жауапкер өз міндетін орындамаған.
Азаматтық істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар бітімгершілік келісімді бекіту туралы арызбен жүгінген, шартта көзделген кесте бойынша жауапкер талапкерге белгілі бір мерзімге дейін қарыз сомасын төлеуді міндетіне алды. Бұл бітімгершілік келісім сотпен бекітілді.
Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі