Сотпен Теміртау қаласының пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Теміртау қалалық сотымен Теміртау қаласының пробация қызметінің бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін бас бостандығын айыру түріне ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылған.
Пробация қызметінің ұсынысына сәйкес, азамат А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағы, 188 бабының 2 бөлігі 2 тармағы, 188 бабының 2 бөлігі 2 тармағы, 200 бабының 1 бөлігі (ұрлық, автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша Қарағанды қаласы Октябрь аудананың №3 аудандық сотының үкімімен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеліп, мүлігін тәркілеу жасазы тағайындалған. Сотталғанға міндеттер арттырылған, ол сол міндеттерді бұзып пробация бақылауынан қашып кетті.
А. бас бостандығын шектеу жазасын өтеуден бас тартуына байланысты, пробация қызметі бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін бас бостандығын айыру түріне ауыстыру туралы ұсынысын қанағаттандыруды сұрады.
Сот келесіні қаулы етті: бас бостандығын шектеу жазасын сол мерзім аралығына, яғни 1 жыл 7 ай 1 күн мерзімге жасазын жалпы тәртіптік колониясында өтеумен бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылсын.

 

Қайнар: 
Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі