Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық сотының төрағасы Д. Дәуітов азаматтардың сенiмін сот жүйесiне күшейту және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету үшін сотта «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Азаматша С. Шахтинск аймағының Долинка кентінде түзеу мекемесіндегі туысын мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сұрағымен жүгінді.

Оған түзеу мекемесінен қолдаухат түскеннен кейін автоматтық түрде бағдарлама арқылы судьяға бөлінетіні туралы түсіндірілді. Сотталғанның жеке істегі құжаттарын, берілген мінездемесін зерделеп, заңға жүгініп әділетті қаулы шығарылатыны да айтты.

Қайнар: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі