Соттың 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысы жайлы брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында соттың 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмысын қорытындылауға арналған брифинг өтті.

Іс-шараға Октябрь аудандық сотының төрағасы Ә.Т.Маранова, судья Г.З. Базылова, соттың қоғамдық және БАҚ-ның жұмысының үйлестірушісі А.Ж. Әбдікамалов, сондай-ақ today.kz ақпараттық агентігінің тілшісі Д.С. Сатаев, «Вестник Фемиды» республикалық қоғамдық-құқықтық газетінің бас редакторы Т.Р. Шарипова және «Карагандинские вести» ақпараттық-аналитикалық газетінің бас редакторы Ү.А. Бекенова қатысты.

Брифинг барысында сот жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштері атап өтілді.

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотына 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 4 311 азаматтық істер мен талап арыздар түсті, онда жалпы 3 978 іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 2 574 іс шешім шығарумен, 1 007 іс сот бұйрығын шығарумен аяқталған.

Көрсетілген мерзімде, сотқа 124 қылмыстық іс түсіп, оның 117 ісі қаралған. Оның ішінде үкім шығарумен 90, 20 қылмыстық іс қысқартылған.

Сот төрағасы биылғы жылда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы (ұрлық), 190 бабы (алаяқтық), 191 бабы (тонау) және 420 (сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары,қорытындылары немесе қате аударма) бойынша қылмыстық істерінің көбейгенін атап өтті.

Сот төрағасы сотпен татуластыру рәсімдерін қолданудағы оңтайлы тәжірибесін және бітімгершілік пен медиациялық келісіммен қаралған істердің санының өсуін ескерді.

Үстіміздегі жылдың алты ай ішінде ғана Октябрь аудандық сотымен татуластыру рәсімдерін қолдана отырып 125 азаматтық, қылмыстық істер қаралған.

Сонымен қатар, қоғамда аса қызуғышылық туғызатын істер жайлы айтып өтті.

Жиын соңында сот төрағасы Ә.Т. Марданова сот жұмысының жылдың екінші жартыжылдығына арналған негізгі міндеттері мен аспектілерін белгіледі.

Брифинг жұмысын қорытындылай келе, сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі