Сәтпаев қалалық сотында өткен семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 10 қаңтарында Сәтбаев қалалық сотында «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір сұрақтары» атты семинар сабағы өтті. Аталмыш шараға қалалық соттың төрағасы мен қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялар қатысты.
 Семинарға қатысушылар бас бостандығынан айыру жазасы сотталушылардың түзелуі мүмкін болмаған және жаңа қылмыстардың алдын алуы мүмкін болмаған жағдайларда ғана қолданылатынын ескеру қажет екендігіне көңіл бөлді. Істерді қарау кезінде судьялар қылмыстың қайталануы туралы сұрақтарға байланысты барлық жағдайларды тыңғылықты зерттеулері қажет және осы жайттар жасалған қылмысқа  заңдық тұрғыда баға беруге, жазалау мерзімін және түзету колониясының тәртібінің түрдерін дұрыс анықтауға әсерін тигізетінін есте сақтаулары керек.
Семинар сабақтың қорытындысында сот төрағасы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде сот практикасында  пайда болатын мәселелерді  дұрыс және бірыңғай шешуді қамтамасыз ету мақсатында, судьяларға  елеулі қателіктерге жол бермеулерін баса айтып, әрбір қылмыстық іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздерін мүлтіксіз сақтауды және Жоғарғы Соттың қаулысындағы көрсетілген  «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» заң талаптарын мүлтіксіз орындауларын тапсырды.
        

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы