Суд оставил без удовлетворения представление частного судебного исполнителя

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен 03.12.2015 жылы 30 АЕК айыппұлға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 379 бабының 1 бөлігі бойынша сотталған Сарыөзек ауылының тұрғынына қатысты айыппұлды басқа жазамен ауыстыру туралы жеке сот орындаушының ұсынысын қарады.
Сот мәжілісінде үкім орындауға түскен және атқарушылық өндірісі қозғалған кезінен бастап сотталушыға сот жазасын өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілмеген, қолдаухат алынбаған.
Сотталушыға жеке сот орындаушымен Қазақстан Республикасының жазаны өтеу заңнамасы, оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілмеген, атқару құжаттың талабын орындау туралы ескерту берілмеген.
Сот талқылауында жеке сот орындаушының ұсынысы Қазақстан Республикасы АПК-нің 249 бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Сотпен ұсыныс қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі