Судьяға тіл тигізіп, жала жабу заңмен қудаланады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуырда Қарағанды облыстық сотында «Судьяға қатысты тіл тигізу мен жала жабу сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына модератор болып қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы төрағасының м.а. Н. Батаева, ал сомодератор – облыстық сот судьясы К. Төлеуов, сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылдың 17-қаңтарындағы Жолдауында бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот төрелігі мен пәрменді құқықтық тәртіп – дамыған елдің негізі болып табылады делінген. Республикамызда біртіндеп жүргізіліп жатқан демократиялық үрдістің бір бөлігі ретіндегі сот-құқықтық өзгерістің негізгі мақсаты – азаматтардың құқтары мен бостандықтарының сотпен қорғау аясын кеңейту,  сот өндірісін жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын заманауи халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Судья – республикамыздың сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін кәсіби деңгейде жүргізуге өкілетті. Қазіргі заманғы құқықтық қоғамның көкейкесті міндеттерінің бірі – судьяларды жала жабу мен тіл тигізуден құқықтық тұрғыда қорғайтын механизм құру. Судьяның ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік абыройын қорғау ісінде мемлекет неғұрлым тиімділікке қылмыстық-құқытық шаралармен қол жеткізеді. Сот беделі  айтарлықтай жоспарлы және мақсатты нығайтуға мұқтаж, алайда, тек құқықтық тәрбие азаматтардың құқықтық санасын тиісті түрде өзгеруге қауқарсыз. Қарағанды облыстық сотының  жоспарлау және талдау бөлімінің статистикалық мәліметтерге сүйенсек, судьяларға қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетке қарсы қылмыстар саны айтарлықтай көп емес. Сотқа құрметтемеушілік таныту – қоғамға қауіпті әрекет екені сөзсіз. Ол  дәлелдемелерді зерттеуді қиындатып, сот процесінің тәрбиелік мәнін жояды. Өйткені сот беделінің төмендеуі сот шешімдерін сәйкесінше қабылдауға қыпал жасамайды. Судьялар қазіргі таңдағы қылмыстық заңнама судьяның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына негіз болатын, олардың конституциялық мәртебесінен туындайтын мағына бермейтінін атап өтті. Бұл жайт аталмыш тақырыптың аса маңыздылығын көрсетеді, сонымен қатар, ар-намыс мен қадір-қасиетке қарсы қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормаларды әрі қарай жетілдіруді талап етеді.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы