Талап арыз қараусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтоғай аудандық сотына «ҚР ІІМ Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет басқармасы» ММ-нің жауапкер А.-дан 77 249,45 теңге көлемінде қарыз ақша өндіру туралы талап арызы түскен.
Іс бойынша А. өз өтініші негізінде жұмыстан шығарылған. «ҚР ІІМ Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет басқармасы» ММ басшысының баянаты бойынша бұрынғы қызметкердің атында ағымдағы жылдың еңбек демалысының өтелмеген күндері үшін 27 799,48 теңге және алдын ала алған еңбек ақы үшін өтелмеген күндері үшін 49 450,97 теңге көлемінде мекемеге қарызы бар.
Аталған істі қарау барысында талапкерден жауапкердің тарапынан қарызды толық өндіруіне байланысты талап арызды қараусыз қалдыру туралы өтініш келіп түсті.
Сот талап арызды қараусыз қалдырды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі