Тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2017 жылдың наурыз айында азамат С. отбасы-тұрмыстық жанжал шығарып, жұбайын балағаттаған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған қылықтарына өкінетінін айтты. Жәбірленуші жұбайымен татуласқандарын, сонымен қатар жұбайына әкімшілік құқық бұзушылық жаза қолданбауын сұрады.

Сотпен С.-ке қатысты қозғалған іс өндірісі бойынша қысқартылып, медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі