Тараптардың татуласуына байланысты іс өндірістен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында азаматша Н мас күйінде, жасөспірім қызын М-ды еш себепсіз ұрып, оған дене жарақатын салды.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған баланың сол жақ иығы жырылған.
Сот отырысында сотталушы Н тағылған айыпты толық мойындады және қызынан кешірім сұрады.
Аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотталушының жәбірленушімен татуласқанына байланысты қысқартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі