Теріске шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 20-наурызында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Казинформ» АА, «5 арна» ТА, «Новый вестник» және КТК сынды БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында Қарағанды қаласы  Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз хатшысы З.Е. Ибраева бірқатар БАҚ-ның ғаламтор көздерінде сот процесі кезінде заңгер мен судья арасында болған жанжал туралы жарияланған мақалаларды ресми түрде теріске шығарды. Айта кетсек, 2014 жылдың 19-наурызында Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында азаматтық істі қарау барысында талапкердің өкілі Е.Танков кикілжің тудыратындай жағдай болмаса да негізсіз ашуланып іске төрағалық етуші судьяға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған. Қазіргі таңда осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 341-бабына сай қылмыстық іс қозғалды. Е.Танков ҚР ҚК-нің 132-бабында көрсетілген тәртіппен ішкі істер органымен қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы