«Тәрбие басы-Тіл»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров аудандық сотында «Тәрбие басы-Тіл» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.

Т.С.Курманов өзінің баяндамасында: «Қазақ-тілі- біздің рухани негіз. Біздің ең басты мақсатымыз – ол барлық салаға жандандыру жолы арқылы мемлекеттік тілдің қолданылуын нығайту»-деп көрсетті. Бүгінгі күнде мемлекет тарапынан мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бағдарламалар әзірленген, мемлекеттік тілді үйрену әдісі, заңға тәуелді нормативтік- құқықтық актілер мен тиісті заңдар қабылданған.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік тілдегі материалдар мен істерді қарау сапасы мен істердің санын ұлғайту мәселелерін,  мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу кезінде туындайтын сұрақтарды талқылап, шешім қабылдады.

Семинар соңында сот жүйесіндегі қызметкерлердің дағдысын жақсарту және дамыту мақсатында мемлекеттік тілде әр түрлі іс –шаралдарды өткізу қажеттілігін атап өтті.

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі